Біз туралы

logo

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2011 жылғы қаңтарда Құқықтық ақпараттық қызметті құрды, оның негізгі мақсаты мен міндеті халыққа барлық құқықтық сұрақтар бойынша тегін консультация беру және ҚР қолданыстағы заңнамасының ережелерін түсіндіру болып табылады.

Қызметтің жұмыс істеуі «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығының жағдайын іске асырумен байланысты, онда азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сондай-ақ білікті заң көмегіне халықтың тегін қолжетімділігін кеңейту үшін барлық қажетті жағдайларды жасау бойынша міндеттер қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі халыққа барлық құқықтық сұрақтар бойынша тегін консультация береді, қолданыстағы заңнамалардың ережелерін түсіндіреді.

 

Жұмыс кестесі

09:00-18:30 (Астана уақыты)

Дүйсенбі-жұма
Демалыс күні: сб, жб, мейрам күндері.

Біз нені ұсынамыз

Кеңестерді телефон арқылы алуға болады
Тегін қоңырау шалу
119 нөмірінен Қазақстан бойынша (ұялы операторлардан басқа)
58-00-58 Астана, Алматы қалалары бойынша

Құқықтық сұрақтар бойынша кеңестер ҚР ӘМ-нің сайтында Сұрақ-жауап айдарында

Кеңес беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады



Құқықтық сұрақтар бойынша кеңестер РҚАО-ның сайтында Сұрақ-жауап айдарында

+77081505448 WhatsApp арқылы құқықтық сұрақтар бойынша кеңес